Петропавлда қатты жаңбырдан кейін көшені су басты

Видеодан скриншот
Петропавлда нөсер жаңбырдан кейін көшелер мен жертөлелерді су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 100-ден астам қоңырау келіп түскенін мәлімдеді.
Таңда және түсте жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үйлердің жертөлелеріне су ағып, тіпті ауруханалардың біріне кіріп кеткен.
Астанада бүлдіршін жаңбырдан кейінгі шалшық суға батып кете жаздады (видео)
Ведомствоның мәліметінше, қала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы құтқарушылармен бірлесе отырып суды сору және нөсер арықтарын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бір түнде жауын-шашынның бір айлық мөлшері жауған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"