Петропавлда интернет жүргізіп жатқан жұмысшы биіктіктен құлап, қаза тапты

Фото: depositphotos.com
Петропавлда жөндеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы биіктеп құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жұмысшылардың бірі, 35 жастағы ер адам, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші жұмысшы, 1994 жылы туған азамат ауруханаға жеткізілген.
“Осы факті бойынша қауіпсіздік техникасының талаптарын бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық жағдайларды толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тексеру нәтижесінде соңғы процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген баспасөз хабарламасында.
СКО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, биіктен құлаған екінші ер адам ауруханаға жатқызылмаған, амбулаторлық ем қабылдауда.
Атырау облысында депутат жұмысшыны соққыға жыққан (видео)
31 жастағы ер адамға кеуде қуысы жарақаты, қабақ аймағы және сол қолының жарақаты диагнозы қойылған.
Жұмысшылардың интернет кабельін жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Еске салсақ, осыған дейін Қарағандыда кәріз жүйесін ауыстыру кезінде тағы екі жұмысшы көз жұмды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды