Петропавлда инфарктан кейін жартылай сал болып қалған әйел мүгедектігін дәлелдеу үшін соттасуына тура келді
Петропавл тұрғыны, инфарктан кейін жартылай сал болып қалған әйел сотта мүгедектік алу құқығын қорғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Unsplash
Жоғарғы соттың мәліметінше, 46 жастағы әйел 2016 жылы инфарктан зардап шеккен. Жүрек талмасының салдарынан оның оң жағы сал болып қалған. Үш жылдан кейін медициналық-әлеуметтік комиссия оған әлеуметтік оңалту және таяқпен жүру ұсыныстарымен үшінші топтағы мүгедектік тағайындаған.
Әйел мүгедектігін жыл сайын растап отырған. 2024 жылы медициналық-әлеуметтік сараптама кенеттен оның мүмкіндіктерінің шектелуін тағайындаудан бас тартқан. Осыған байланысты әйел сотқа жүгінген.
"Әйел әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сараптама шешіміне шағымданған. Ұсынылған материалдардан, медициналық құжаттардан және невропатолог дәрігерлердің сауалнамасынан талап қоюшының ауруының тұрақты екені, оның денсаулығының жақсармағаны анықталған. Керісінше, кекештеніп, талап қоюшы тек таяқпен қозғалуға мәжбүр болған. Мұның бәрі инсульттың салдары ретінде сараланатынын анықтады", – деп түсіндірді жоғарғы сот.
Сот 2019 жылы дәл осындай симптомдар мен анамнез болған жағдайда әйелге мүгедектік тағайындалғанын ескеріп, комиссияның әйелге мүгедектікті тағайындаудан бас тартуына негіз жоқ деп шешті. Қазақстандық әйел дауды жеңіп шықты. Алайда шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Астаналық тұрғын мүгедектігін растау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болғанын жаздық. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы құжаттарды жоққа шығарып, 37 жыл бойы мүгедек екенін қайта дәлелдеуді талап еткен. Серікжан Аманжолов 1987 жылы Ақбұлақ совхозында (қазіргі Абай облысы) әріптесінің салғырттығынан жұмыс барысында жазатайым оқиғаға тап болып, бір аяғынан айырылған. Сол жылдан бері ол кісі мүгедектігі бар болып танылған. Алғашында II топ мүгедегі болып, 1993 жылы жұмысқа тұру мақсатында III топқа да ауысып алған. Осы уақытқа дейін үкіметке қол жаймай, өз күнін өзі көріп жүрген. Арасында Семейде протезін жаңартып отырған. Көбіне оны да өзі сатып алады. Кейін ол Астанаға көшкен. 2024 жылы Астанадағы "Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау" басқармасына протезін жаңарту және алғаш рет мемлекет есебінен санаторийге бару мәселесі жөнінде жүгінеді.