Петропавлда балгер емдеймін деп тұрғындардың алтындары мен ақшасын алдап алып кеткен
Петропалда өзін балгермін деп таныстырған адамның алаяқтығы анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат.
53 жастағы әйел қамауға алынды. Қаланың бінеше тұрғындарынан полицияға арыз түскен. Олардың бәрі балгерге алданғанын айтты. Болашақты болжаймын деген әйел адамдарға ем жүргізген. Емнен соң тұрғындардың үйінен ақша жоғалып кетіп отырған.
«Тіпті бір жағдайда әлгі әйел көшедегі бейтаныс әйелге жақындап денсаулығын сұраған. Жәбірленуші аяғының ауыратынын айтып мұңын шағады. Қалалықтың үйіне келген күдікті өзінің салт-жораларын орындап, жастықтың ішіне зергерлік бұйымдар мен ақшаны тігіп қоюды сұраған. Үй иесі басқа шаруаға айнала бергенде алаяқ әйел ақшаны алып кеткен», – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
Оралда адамдарды гипноздап тастайтын ұры ұсталды