Петропавлда алаяқты жәбірленушімен сөйлестірген ұялы байланыс операторына айыппұл салынды
Петропавлда алаяқпен телефон арқылы сөйлескен ұялы байланыс операторы жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Алаяқ ескірген схема бойынша әрекет етіп, тіркелмеген нөмірден қоңырау шалған. Ал мұндай қоңырау үшін операторға қомақты айыппұл салынды. Алаяққа алданып қалған әйел полицияға хабарласқан. Сарапшылардың айтуынша, ұялы байланыс операторы базада көрсетілмеген нөмірге қызмет көрсетпеуі керек еді. Енді салдарынан байланыс қызметкеріне 196 мың теңге айыппұл салынды.
Компания жазамен келісіп, айыппұлды мемлекеттен 50 пайыздық жеңілдікпен өтеді. Прокуратура жалған қоңыраулар үшін ұялы байланыс операторларын жауапкершілікке тартуды жалғастыруға ниетті екенін айтты.
"Қылмысты тергеу барысында алаяқ қазақстандық байланыс жүйесінің базасында тіркелмеген абонент нөмірімен жәбірленушіге қоңырау шалған. Нөмірдің ұялы байланыс операторы мен дерекқорда тіркелмегені белгілі болды. Бұл — байланыс операторының жауапсыздығы. Соның салдарынан жәбірленуші қаржылай шығынға батқан", – дейді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының прокуроры Асхат Жұмабеков.
Айта кетейік, бұған дейін Beeline мен Tele2 байланыс операторларының қызметкерлері алаяқтарға қазақстандықтарды алдауға көмектескені туралы жазған едік.