Петропавлда адам өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды
Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Алайда, алқабилердің соты оларды ақтап шықты.
Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды. Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады.
Еске салсақ, Алматыда мамыр айында мас күйінде жасөспірімді пышақтап кеткен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"