Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 29 жастағы ер адам полиция бөлімінде көз жұмды

Түрмеде ер адам қайтыс болды

Фото: Ru.freepik.com

Петропавлда құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған 29 жастағы ер адам полиция басқармасы ғимаратында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жағдай 18 маусым күні болғанымен, түрмедегі төтенше жағдай туралы жақында ғана белгілі болды. Марқұмның туыстарына, ер адам камерада отырып өзіне қол жұмсады деп айтқан. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тұтқынның қайтыс болғанын растады. 

“Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Оқиғаның нақты қалай және не себепті болғаны тергеу барысында анықталмақ. Алайда қылмыстық істен бөлек, қызметтік тексеріс те жүргізіліп, аяқталды.

“Қызметтік тексерістің нәтижесінде полиция қызметкерлері тарапынан заңға қайшы әрекеттер анықталған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер бұл кезеңде жария етілмейді”, – делінген хабарламада.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 08:22
Талқылау
`