Петропавлда 11 жастағы қыз жоғалып кетті
Петропавлда 11 жасар жеткіншек қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде 11 жасар Полина Шапарьдің жоғалғандығы жөнінде жазба тарады. Жеткіншек 4 маусым күні Петропавлдағы Батыр Баян көшесіндегі үйінен сағат 16.00 шамасында шығып кеткен.
Жазбаны таратқан волонтерлердің айтуынша, бойы 150 см, шашы ашық қырмызы түске боялған. Сол күні үстінде қара-қызыл жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара аяқ киім болған.
Анасының айтуынша, әдетте құрбысымен саябақта немесе үй маңында қыдырған.
Жоғалған қыз туралы көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65 немесе 102 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек