Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 103 жылдық тарихы бар үйдегі 16 отбасы үреймен өмір сүруде

Оны баспана етіп отырған 16 отбасы үйіндінің астында қаламыз ба деп жандарын шүберекке түйіп жүр. Осыдан бес жыл бұрын ғимаратты зерттеген мамандар оны тұруға жарамсыз деген шешім шығарыпты.,-деп жазды КТК арнасы.

Алайда қала қорында жалғыз баспанасы апатты жағдайда тұрған халықты көшіретін бос пәтерлер жоқ екен.

Гүлбаршын әжей үйімнің ішінен емес, сыртынан ұяламын дейді. Оның пәтері осыдан 40 жыл бұрын негізгі ғимаратқа қосалқы ретінде салынған екен.

«Құлайын деп тұр шұқысаң.   Құласа  кім жауап береді?»,-дейді  Петропавл қаласының тұрғыны Гүлбаршын Бекебаева.

Осы үйді паналап отырған Қадірменовтар отбасы бұрын шаһар шетіндегі Заречное ышқамауданында тұрыпты. Көктемде үйлерін тасқын су басып, тұруға жарамсыз болып қалғанда қаладан іздеп жүріп тапқан пәтерлері осы.

«Үш миллионға кредит алдық. Соны төлеп  жатырмыз зейнетақыдан. Қалғаны дәрі мен тамақтан ауыспайды»,-дейді  тұрғын Сәкен Қадірменов.

1914 жылы салынған бұл үй алғашында осы маңдағы ет комбинатының жұмысшыларына жатақхана ретінде берілген екен.

Өткен ғасыр басында шаһардағы ең көрікті ғимараттардың бірі болған үйдің қазіргі сиқы адам шошырлық. Іргетасы мүлдем жоқ, қабырғаларының кірпіштері құлап, өткен-кеткенге қауіп төндіріп тұр. Осыдан бес жыл бұрын жасалған сараптама қорытындысы бойынша баспана тұруға мүлде жарамсыз деп танылыпты.

Осы сараптамадан кейін тұрғындарды қалалық әкімдік үй кезегіне қойған екен. Алайда бес жылда ол бес адамға ғана жылжыпты.

Петропавлда апатты деп танылған 18 тұрғын үйде қазір 170 адам тұрады. Шенділер оларға жуырда сүйінші хабар жеткізуіміз мүмкін деп таң қалдырды.

«Алдағы жылы апатты жағдайдағы  үйлердің тұрғындары үшін 90 пәтерлік көпқабатты баспана тұрғызылады. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр»,-дейді Петропавл қалалық тұрғынүй инспекциясының басшысы Дәулет Қалиасқаров.

Бұл Қызылжардағы  құлайын деп тұрған үйлерді паналап отырғандардың жартысынан сәл астамы ғана баспаналы болады деген сөз. Қалғандарының мұндай бақытқа қашан кенелетінін дөп басып ешкім айта алмай отыр.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Түнтеков 4 жылдан бері фонограммамен өтетін концерттерден бас тартып келген

Ақбота Сейітмағамбетті шоу-бизнестен шеттетіп тастаған кім?

Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

Қайрат Түнтеков: Жол апатына қатысты сот процесі әлі жалғасуда

Талқылау