Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петербург метросында қазақстандық Максим Арышевке ескерткіш мемориал орнатылады

Максим Арышевтің достары мен таныстары Санкт-Петербургтегі “Сенная площадь” метро станциясында қазақстандық Максим Арышевке ескерткіш мемориалын орнатады.

1934011

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстандық Максим Арышев Петербургтегі теракт кезінде қаза тапты. Максим Арышев Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университетінің үшінші курсында оқып жүрген еді. Студенттер мен оқытушылар оның ақ жарқын, досқа адал, елгезек жан болғанын айтады. 21 жастағы алматылық Максим Арышевтің Петербург метросында болған жарылыстан қаза тапқаны туралы сейсенбі күні белгілі болды.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары оның терактіні ұйымдастыруға қатысы бар деп жалған айып таққан болатын. Максимнің анасы ұлына жала жапқан тілшілерді сотқа бермейтінін мәлімдеді. Қаза тапқан қазақстандықтың сүйген қызы Александра Максимді “кең пейілді, адамгершілігі мол жан” деп еске алады.

Жіберіп алмаңыз:

Солтүстік Қазақстанда жынысын ауыстырған азамат есімін де өзгертіп алды

Ресейде қаза тапқан Максим Арышевтың сүйіктісі оған арнап қоштасу хатын жазды

Қазақстандық ана қызын бермей қойған кедей жігіт байыған кезде қатты өкінді

Талқылау