Перзентханадағы лифтке қысылып қалған жүкті әйелдің денесі екіге бөлініп кетті (фото)
Үшінші сәбиіне жүкті болған 26 жастағы әйел жантүршігерлік жағдайда көз жұмды. Оның денесін емханадағы лифт бірнеше бөлікке бөліп тастаған.
Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Росио Кортес Нуньес кеше күндізгі сағат 14:30-да перзентханаға жеткізілді. Жүкті әйел үшінші қабатқа көтерілмекші болып, лифт шақыртқан.
Құтқарушылардың сөзіне сүйенсек, зембілге салынған әйелді лифтке итере бергенде ол көтеріліп кеткен. Осылайша Нуньестің жарты денесі лифтке кіріп, жартысы сыртта қалған.
Қазіргі таңда қайғыдан қан жұтқан отбасы оқиғаға кінәлілер жазалансын деп шарқ ұруда.
«Бұл деген сұмдық болды. Әлі де сене алар емеспіз. Кінәлілер жазасыз қалмауы тиіс», – дейді оқиғаның куәгері болған әйелдің туысы Дэвид Гаспар.
Басылымның хабарлауынша, Нуньестің құрсақтағы сәбиінен бөлек екі қызы бар. Олар 3 және 4 жаста.
Адам өлімімен аяқталған жантүршігерлік оқиға Испанияның оңтүстігінде орналасқан Севилья қаласында болған.
Денсаулық сақтау министрі Марина Альварестің айтуынша, лифт 12 тамыз күні ғана барлық тексерістерден өткен.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Иесі Құран кітабын үйге айырбастайтынын айтып хабарландыру жазды
Полицей: Педофил мен шалбарын көтеріп жатқан баланы көргенде әлем көз алдымда жойылып кетті (видео)
54 жастағы әйел суррогаттық жолмен өз немересін дүниеге әкелді