Студенттер терезеден секіріп қашуда: Пермьдегі университетте белгісіз біреу атыс шығарды (видео)
Белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ғимаратында атыс болғанын хабарлады.
Студенттер мен мұғалімдердің кейбірі, алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттан шығып үлгерген, ал қалғандары сыныптарда жасырынып отыр.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан шабуылдаушы университеттің адамдары мен терезелеріне бей-берекет оқ атып жатқанын көруге болады.
РЕН ТВ арнасының алдын ала мәліметі бойынша, шабуылдан төрт адам зардап шеккен.
Орын алған оқиға туралы әзірге толық ақпарат шыққан жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.
- Қазандағы мектепте атыс шығарған Галявиев ақыл-есі дұрыс емес деп танылды
- "Ата-ананың өзінде психологиялық проблема болуы мүмкін": Жасөспірімнің психологиялық ауытқуға ұшырағанын дер кезінде қалай анықтауға болады?
Еске салсақ, бұған дейін осы жылдың мамыр айында 19 жастағы студент Қазан қаласындағы мектепке мылтық әкеліп, оқушылар мен ұстаздарға оқ жаудырған еді. Оқиға салдарынан тоғыз адам көз жұмды.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған