AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пермьдегі университетке жасалған шабуылдың толық видеосы шықты

Пермь мемлекеттік университетіне дүйсенбі күні таңертең заңгер мамандығының бірінші курс студенті Тимур Бекмансуровтың жасаған қарулы шабуылының толық видеосы пайда болды. Бақылау камераларынан алынған бейнежазбаны Baza Telegram арнасы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пермь атыс

Заңды түрде сатып алған 12 калибрлі Huglu мылтығымен қаруланған жігіт университеттің сегізінші корпусына кіріп, оқ жаудырған. Ол кем дегенде 30 оқ атқан. 

Бейнежазбадан шабуылдаушының көшеден атысты бастап келе жатқанын көруге болады. Содан соң Бекмансуров негізгі кіреберістен өтіп, құрбандарын ғимараттың ішінен іздей бастаған.



Қылмыскерді жақын жерде жол-көлік оқиғасын бақылап жүрген жол полициясы Константин Калинин қолға түсірді. Оны куәгерлер көмекке шақырған.

LIFE SHOT телеграм-каналы Бекмансуровтың университетке таксимен барғанын жазады. "Яндекстегі" соңғы баратын нүктесіне ол Пермь-2 теміржол вокзалын көрсеткен. Ол жерден оқу ордасына дейін бар жоғы 600 метрлік жер. Университетке 11:02-де жеткен.

Қарақшы "Mazda" көлігінен түскен соң, университетке баруға асыққан жоқ. Үлкен қара сөмкесін сермеп, бет-аузын бүркемелеген ол 11:04-те аялдамаға келеді. Онда 15 минут болып, университетке қарай бет алады.

Сабақ кестесі бойынша сағат 11:30-да үшінші дәріс басталуы керек болған. Көшедегі бірінші атыс қоңырауға бірнеше минуттар қалғанда естілген.
Атыс салдарынан алты адам қаза тапты. 28 адам жарақат алып, олардың 19-ы оқтан жапа шеккен. Қылмыскердің өзі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр