Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайратқа қатысты сот ішінара жабық режимде өтеді

Перизат Қайраттың соты ашық өтедіФото: instagram_01pk

Судья Сабыржан Каримов алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Перизат Қайратқа қатысты сот процесі ішінара жабық түрде өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініш ішінара қанағаттандырылды. Негізгі сот талқылауын жалпы тәртіпте ашық сот отырысында 14 шілдеде өткізу белгіленсін", – деді Каримов кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін.

Сот процесінің кейбір бөліктерінде, нақтырақ айтқанда, айыпталушылардан алынатын жауаптарда құпия мәліметтер мен банк құпиялары болғандықтан шектеулер қойылады.

Негізгі сот талқылауын жабық түрде өткізу туралы өтінішті Перизат Қайраттың өзі берген. Айыпталушы сот залында фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды сұрады.


"Қазір ештеңе айта алмаймын": Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтып көзіне жас алды


Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кекселдің үстінен іс қозғалды – БАҚ


Бұған дейін редакция Перизат Қайраттың ісі бойынша алдын ала тыңдаудың жанжалмен басталғанын хабарлаған еді. Белгілі болғандай, сот процесінің 9 шілдеде басталатыны туралы сот тобының қатысушыларының көпшілігіне ескертілмеген.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 16:53
Талқылау