Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Перде де керек емес": Қостанайда жөндеу жұмыстары кезінде тұрғын үйдің терезесін де бояп тастаған

Фото: Instagram.com/alau.tv

Қостанайда тұрын үйдің сыртын бояп, терезесіне де бояу шашып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дощанова көшесіндегі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмысшылар үйдің сыртына ақ бояу шашып, білместікпен бе әлде “шабыттанды ма екен”, терезелер мен әйнектерді де бояп тастаған. 

Тұрғындар iKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, болған жағдайды айтқан соң, орталық өтінішті қабылдап, тиісті орындарға жолдағанын хабарлады. Алайда өтініш қайда жіберілгені белгісіз.

Бұл жағдай желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Бірі мұны әзілге айналдырса, енді бірі бояуды қалай кетіруге болатынын айтты.

“Жазға тонировка. Перде де керек жоқ”, “Былтыр бізде де осындай болған. Су мен сүлгі болса болды”, “Мүлкін бүлдіргені үшін тұрғындар сотқа бермесе осылай бояй береді”, “Сотқа беру керек”, “Мұндайды тек Қазақстанда кездестіресің”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 17:10
Талқылау