Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пенсионер" қыздарды мазаламаңдар!": Нұрлан имамның жасы үлкен қыздарға үйлену туралы кеңесі желіні шулатты

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы тікелей эфирде оқырман сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurlanimam.kz/

Желі қолданушысы имамнан өзінен 8 жас үлкен қызға үйленгісі келетінін айтып, кеңес сұраған еді. 

“Апаларға үйлену сәнге айналды. “Пенсионер” қыздарға үйленбеңдер! Үлкен қызға үйлену жақсы тенденция емес. Адам сияқты пенсиясын алып, қартайсын. Олардың мазасын алмаңдар! Қандай махаббат болса да, дүниені қырып бара жатса да, бұл дұрыс емес. Бәрібір ол саған әйел, сен оған күйеу бола алмайсың. “Тең теңімен, тезек қабымен” деген сөз бар. Сондықтан үлкен қыздардың жүрегін ауыртпаңыздар! 10-15 жылдан кейін жас айырмашылығы көріне бастайды. Өзіңнен кішкентай қызға үйленгенің дұрыс”, – деп кеңес берді имам.



Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі имамның сөзін қолдаса, екіншісі “қыздарды мазақ қылу” деп сөкті. 

“Дүмше молда дін бұзар деген осы екен ғой”, “Пенсионер” деп мазақ еткені дұрыс болмады”, “Имам осылай деп тұрса, басқадан не күтесің?”, “Кәрі қыздардың намысына тимеңіз” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау