Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Педофилсіз бе?” Өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне әр арнаған Жігер Ауыпбаев сынға қалды

Өзінен 15 жас кіші қызға ән арнаған Жігер Ауыпбаев сынға қалдыФото: instagram.com/jiger_auypbaev_official

Желіде қазақстандықтар эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаевты “педофилияны” насихаттады деп айыптап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзінен 15 жас кіші Мумина есімді аруға арналған әнін айтып отырған сәтінен видео жариялады. Жігердің сүйіктісіне арнаған әнін Threads қолданушылары педофилдердің әніне теңеді.  

Жаңа туындының:

“Кіп-кішкентай, жүректің ішіндегі
Кішкентай қыз, сүйемін түсін мені.
Өңіме сен бақытты әкеп бердің
Түсімдегі, түсімдегі”, – деген мәтіні желі қолданушыларына жақпай қалған сыңайлы.

Қолданушылар “Кішкентай қыз” деген сөзге шүйлігіп, педофилияны қолдау деп жарыса жазып жатыр.

“Кіп-кішкентай қыз? Педофилдердің әні, қандай күлкілі”, – деп жазған ол.

“Жиіркеніштісін-ай, өлеңі де, қылықтары да, тіке мағынада айтқанда кішкентай қызбен жүріп кеткені!”, “Педофилдер туралы қандай қандай ән мынау!”, “Кіп-кішкентай қыз? Сіз педофилсіз бе?” деген сарында жазылған пікір көп.

Өзінен 15 жас кіші қызға ән арнаған Жігер Ауыпбаев сынға қалды

Бұған қоса, қазақстандықтар әнші мен оның сүйіктісінің жас айырмашылығына назар аударған.

“Махаббат жасқа қарамайды” дегені түсінікті. Бірақ ол неге өзін ақтап алып жатыр? 38 жастағы еркекке 23 жастағы қыз не үшін керек?”, “40 жастағы еркектің “кіп-кішкентай қыз” деп ән айтуы ерсі екен”, “Әкесімен жасты ғой былай қарасаң, қалай ерсі көрінеді”, – деп жазған олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсеткені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 18:28