"Педофилдің болуы – Алланың бар екеніне дәлел": Исламтанушының сөзі қазақстандықтарды ашуландырды

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде дәріс оқып жатқан ұстаздың “Педофилдің болуы – Алланың бар екеніне дәлел” деген сөздері желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде жария болған жазбада ер адамның Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінде ұстаздық ететіні жазылған.
“Жігіттер, қыздар, қараңыздаршы! Педофилдің болуы дәлел емес пе Алланың барына?! Қалай ойлайсыздар? Керісінше, дофилдердің болуы Алланың жоқ болуынан болмауы керек. Педофил болуы – Алланың бар екенінің дәлелі. Неге деп ойлайсыздар? Егер Алла болмаса, біздің қалауымыз орындалады. Біздің қалауымыз педофилдің болуы ма, болмауы ма? Онда болмайтын еді. Бірақ біздің қалаған нәрсеміздің қарсысы болып тұр ма? Біздің қалауымыз орындалып тұр ма, орындалып тұрған жоқ па? Ол нені білдіреді? Ол біреу сенің қалауыңның орындалмауын қалап тұр дегенді білдіреді. Ол қай зат? Бір затты қалап тұрсың. Сенде бүкіл қалауыңның орындалмауы Алланың барына дәлел емес пе?”, – дейді ер адам.
Ұстаздың бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
“Мынау шынымен университетте сабақ бере ме? Бұл барып тұрған фанатизм ғой”, “Педофилияның қалыпты екенін айтқан кез келген адам мұсылман емес болып қана қоймай, жазаның ең қатаң түріне лайық адам”, “Мүфтият қайда қарап отыр?”, “Мұндай дінтанушыларды көбейтудің мемлекетке қандай пайдасы бар екенін түсінбеймін”, “Мұны тексеру керек, студенттерге не насихаттап жүргенін кім білсін”, “Аңқау елге арамза молда”, – деп ашынды желідегілер.
Видеоға қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдемеге пікір білдіріп, Нұржан Смағұловтың педофилияға қатысты видеосы Нұр-Мүбарак университетінің ұстанымын білдірмейтінін хабарлады.
“Екіншіден, аталған бейнежазба контекстен үзіп алынған. Өкінішке қарай, бейненің қыскартылған нұсқасы контекстен қиып алынып, толық, мазмұны бұрмаланған түрде таратылған. Үшіншіден, Ислам діні педофилия мен ар-намысқа қол сұғушылықтың барлық түріне түбегейлі қарсы. Ислам діні бойынша бұл - ауыр күнә әрі қылмыс. Ислам діні адам абыройын, әсіресе баланың құқығын қорғауды басты міндет етеді. Тертіншіден, университет тарапынан Нұржан Смағұловқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Болашақта осындай түсінбеушілікке жол бермеу үшін Н.Смағұловка БАҚ және әлеуметтік желілердегі сөз жауапкершілігі туралы ескерту берілді”, – делінген жауапта.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі