Педофилге 5 долларға қызын сатқан америкалық әйел сотталды
АҚШ-тың солтүстік Каролина штатында тұратын екі қыздың анасы сот алдында жауап беріп, бас бостандығынан айрылды. Ақыл-есі дұрыс жетілмеген әйел өзінің екі қызын еркектердің тиынына айырбастап отырған. Әйел кішкентай қыздарды еркектермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.
Сот 52 жастағы Тереза Вановерге осы қылмысы үшін кемінде 20 жыл абақты жазасын беруі мүмкін. Әлі әйелге қатысты сот үкімі оқылмады. Тек мемлекеттік айыптаушы соттан осындай үкім сұраған. Әйел 24 мәрте ақысына жыныстық қызмет көрсетті деп айыпталуда. Сондай-ақ, 24 рет өзгені жезөкшелікке күштеп салды деген айып тағылуда.
Соттағы ақпараттар бойынша қыздарды үлкен еркектің зорлау оқиғасы Иден қаласындағы шаштараздардың бірінде болған. Ол жер Вановердің қылмыс бойынша сыбайласыныңкі болған. Әйел өз қыздарын ол жерге еркектерге зорлату үшін ертіп барған, кейде өзінің басқаларға жалданған сәтін қыздарына тамашалатқан.
Қыздарды төсек қатынасына тартқан еркектер олардың анасына 5-20 доллар аралығында ақы төлеген. Тереза осындай жолмен тапқан ақшаны күйеуін емдетуге, кейде өзіне есірткі сатып алуға жұмсаған.
15 жасқа толған қыз анасының айтқанына көнбестен, еркектермен жыныстық қатынасқа түсуден түбегейлі бас тартқан. Осы кезде әйел өзінің 13 жастағы кіші қызын жезөкшелікке күштеп салады.
Полиция қызметкерлеріне болған жайт бойынша барлық ақпаратты 15 жастағы үйдің үлкені хабарлаған. Қыз әкесі қайтыс болғаннан кейін мұндай жолмен ақша табуға қарсы боған. Анасының мәжбүрлеуіне шыдамаған қыз құқық қорғау органы қызметкерлеріне өзі барып, анасының үстінен шағым түсірген.
2015 жылдың қыркүйегінде Тереза Вановер қамауға алынған. Ол өзіне тағылған айыптарды бірден мойындаған.
Полиция қызметкерлері әйелге екі қызымен соңғы рет кездесуге рұқсат берген. Тереза оларды құшағына алып, енді олардың анасы болуға құқы жоқ екенін өзі айтқан.
Жәбірленуші екі қыз кездесуде көз жастарын тоқтата алмады, олардың анасы қыздарды жұбатқан.
«Бәрі жақсы болады. Сендер жаңадан өмір бастайсыңдар»,-деген күдікті өз қыздарына.
Әйелмен бірге қыздарды зорлап келген төрт азамат жауапқа тартылды: Томас Вудолл, Эверетт Феррис, Донни Картер және Микки Сноу.
67 жастағы Вудолл оқиға болған шаштараздың қожайыны. Ол 16 жылға бас бостандығынан айрылды.
67 жастағы Феррис 6,5 жылға қамауға алынды.
65 жастағы Картер бес жыл үш айға қамалды.
75 жастағы Сноуге қатысты қазірге сот үкімі шыққан жоқ.
Уилкс округінің сот төрешісі Майк Дункан бұл оқиғаны өзі қараған істердің ішіндегі ең жан түршігерлігі деп айтты.