Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педиатрларды қайтару мәселесін премьер-министр өз бақылауына алды

<Педиатрларды қайтару мәселесін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өз бақылауына алды.

IMG_4348

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Педиатрларды қайтару мәселесін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өз бақылауына алды. Бала дәрігерлеріне экспериментті тоқтатып, Білім министрі Сағадиев пен Тамара Дүйсеноваға  дереу педиатрия факултеттерін келесі оқу жылында қайта ашуды тапсырды.

Ал үкімет отырысында Вице премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов педиатр факультеттерінің жалпы медицинаға еніп кетуінен, бала дәрігері болғысы келетіндердің күрт азайғанын айтты. Екі есеге қысқарған педиатрлар он мыңдаған тұрғынға қызмет көрсетеді. Тіпті батыстағы бір ауылда бір ғана бала дәрігері қалған.

Біз барлығымыз дәрігердің сауаттылығы қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз .сондықтан ұсынысты қолдай отырып, министр Дүйсенова мен Сағадиевке оқу медициналық мекемелерінде педиатрлық факультет құруды тапсырам және оқу келер жылдың 1 қыркүейегінен басталсын”, – деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Талқылау