"Пайыздық мөлшерлемесі төменірек": Несие беру нарығында ипотеканың жаңа түрі пайда болды
Фото: Pixabay.com
Несие беру нарығында ипотеканың жаңа түрі пайда болды. Мұның дәстүрлі ипотекадан айырмашылығы – бастапқы жарна пәтер құнына қолданылмайды, ол банктің арнайы шотына салынады. Осылайша пайыздық мөлшерлеме төменірек болады. Дегенмен клиенттер жиі білмейтін жасырын тәуекелдер де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ипотеканың бұл жаңа түрі қазақстандықтар арасында танымалдыққа ие болды. Оның ерекшелігі – бастапқы жарна пәтер құнынан ұсталмай, кепіл ретінде арнайы банк шотында қалады. Мысалы, қарыз алушы 30 миллион теңгеге үй сатып алып, 10 миллионын депозитке салса, олар 20 миллион емес, бүкіл сомаға несие алады. Оның үстіне бұл несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен.
“Сіз ақшаны депозитке салдыңыз, бірақ сізге бүкіл сомаға несие беріледі, яғни сіздің ақшаңыз несиені өтеуге есептелмейді. Дегенмен пайыздық мөлшерлеме айтарлықтай төмен болады. Егер сізде 50% жинақ болса, сіз бұл ипотеканы ала аласыз, ол әдетте нарықтағы ипотекадан арзанырақ”, – деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов.
Оның үстіне клиенттердің банк шотындағы қаражаты мемлекет тарапынан қорғалады.
Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Александр Пак клиент несие бойынша төлемді орындамаған жағдайда не болады және бұл жағдайда арнайы шотқа салынған қаражат қалай өтеледі дегенге мән берді.
“Төлей алмаса, банктің рұқсатымен пәтерді сатуға қояды. Ал баға қалай есептелмек? 5 миллион қайтарыла ма? Сонымен пәтердің құнын үстіне қосу керек пе? Өйткені белгілі бір мерзім ішінде банкке төленген белгілі бір соманы қайтару керек екені анық. Бірақ қарыз ше? Бұл түсініксіз”, – деді жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Александр Пак.
Сарапшылар қарыз алушыларға ықтимал тәуекелдер мен пайдаларды ескере отырып, несиенің барлық шартын мұқият қарастыруға кеңес береді. Болашақта банктер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қосыла алады, яғни клиенттер өз шоттарына мемлекеттік сыйлықақыларды алады.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
