Желіде полицейлерді балағаттаған қазақстандық қызға айыппұл салынды
Павлодарда “ВКтонтакте” әлеуметтік желісі арқылы полицейлерді кемсіткен 26 жастағы азаматша ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
“Ол өз ісінің заңсыз екенін біле тұра, полицейдің намысы мен арына нұқсан келтіре сөйлеп, балағат сөздерді қолданып, билік өкілін әлеуметтік желі арқылы кемсіткен. Ұсталған азаматша өз ісін мойындады”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Павлодарда болған төбелестен ер адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Әйел адам осы оқиғаға байланысты пікір жазып, полицейлер қайда қарап отыр дегенді алға тартады. Ол көз жұмған 43 жастағы ер адаммен бірге тұрған әйел, үш баланың анасы. Бұрын ұрлық, авторлық құқықты бұзу баптары бойынша сотталған.
Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексі 378 бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Жауапқа тартылушы 300 АЕК (680 700 теңге) айыппұл төлеп немесе түзеу жұмыстарына жегілуі мүмкін. Бұдан басқа оған 240 сағаттық қоғамдық жұмыс немесе 75 тәулікке қамау деген де жаза түрлері қарастырылған.
Тағы да оқыңыз:
ІІМ басшысы: ЭКСПО басталмай тұрып Астананы жезөкшелерден “тазартқанбыз”
Үлкен ақымақтық: Талдықорған тұрғыны қымбат Porsche көлігін қоқысқа тастады
Желіде “Астанадағы қаңғыбастарды сырт жаққа тасып жатыр” деген хабарлама тарады (видео)
“Бір сағаттық келін”: Әйелдер жаңа қызмет түрлерін ашып жаты