Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жартылай құлаған ғимарат қирандыларының арасынан ер адамның денесі табылды

ғимарат қирадыФото: pixabay.com

Павлодарда жаңадан салынып жатқан мектеп жартылай құлады. Оқиға 7 қараша күні болған еді. Арада бір күн өткен соң қирандылардың астында қалып қойған ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Казахстанская правда көшесінде салынып жатқан ғимараттың еден плитасы құлады. Осылайша қирандылардың астында 1967 жылы туған ер адам қалып қойды.

“Оқиға орнында жиырма құтқарушы және алты техника жұмыс істеді. Сондай-ақ төтенше жағдайларға жауап беру орталығы құрылды. Ер адамды іздеу үшін жылу бейнелеу камерасымен жабдықталған дрон да пайдаланылды. Нәтижесінде таңғы сағат 4:31-де қирандылар астынан ер адамның денесі табылып, шығарылды", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

58 жастағы ер адам 2025 жылдың 7 қарашасында құрылысы жүріп жатқан мектептің қирандыларының астында қалып қойған. Полиция "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 08 Қараша, 2025 10:37
Талқылау