Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда зейнеткер жалған экстрасенске миллион теңге беріп алданып қалған

Павлодар қаласының 60 жастағы тұрғыны экстрасенске 900 мың теңгеден астам ақшасын беріп қойған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлайды.

243ec371f8617c91bde65771650de1a7

Сурет aif.ua

“Әйел полицейлерге хабарласып, белгісіз адамның жалған жолмен 900 мың теңге қаражатын алып қойғанын хабарлады. Зейнеткер өзінің қызын емдету үшін телеарнадағы жарнамада көрсетілген нөмірге телефон арқылы хабарласқан. Экстрасенс 5 сеанс жасап қызды аурудан айықтыратынын айтыпты. Ақшаны алғаннан кейін, емшінің телефоны “өшіп” қалған”, – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, полицияға басқа азаматтар да интернет алаяқтардың құрбанына айналғанын айтып шағым білдірген. Олар автокөлік бөлшектерін интернет арқылы алмақшы болып, белгіленген мекен-жайға ақшаны жібергендерімен, ешқандай тауар алмапты.

Павлодар облыстық ішкі істер департаменті облыс тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы алаяқтарға алданып қалмауларын ескертуде.

Талқылау