Павлодарда трамвай жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған
Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты. Трамвай жүргізушісі 58 жастағы тұрғынды жаяу жүргіншілер жолында қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 29 маусым күні сағат 22:27 шамасында орын алған. Қала полициясына Мәшһүр Жүсіп пен Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
“Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған. Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді”, – деді ведомство.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"