Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда төрт адамды аяусыз ұрып-соққан полицейлер жеңіл жазаға кесілді

Павлодарда екі тәртіп сақшысымен бірге белгісіз адамдар үш ер адам мен бір әйел адамды соққыға жықты.

5643212

Төрт адамды ұрып-соққан қос полиция қызметкері үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik.

Оқыс оқиға өткен жылдың 22 қазанында, таңғы сағат 5-те орын алған. Аға сержант пен полиция сержанты және тергеу барысында кім екені анықталмаған белгісіз жандар сауда үйлерінің бірінің алдында себепсізден себепсіз үш ер мен бір әйелді сабап тастады. Төбелес барысында полицейлердің бірі жәбірленушінің басынан таяқпен ұрса, екіншісі келесі жәбірленушіге төрт жерінен пышақ сұғып алған. Мемлекеттік айыптаушы соттан полиция қызметкерлерін бас бостандығынан айырып, қатаң режімді колонияға жіберуді сұрады.

«Алайда Павлодар қалалық №2 соты айыпталушыларды небәрі 3 жылға соттап, атақтарынан айырды», – деді қалалық прокуратурада.

Жіберіп алмаңыз: 

Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқынның ісі қайта қаралатын күн белгілі болды

Араб азаматымен көңіл қосқан қазақ қызы туған балаларына жете алмай зар жылауда

Ақтөбеде жұп бағдаршамда тұрып жыныстық қатынасқа түскен

Желіде Хэллоуин мерекесіне орай ұлттық киім киген қазақстандықтар үшін жанжал туды

Талқылау