Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сыныптасы мен мұғалімді жарақаттаған оқушы жауапкершіліктен босатылып, емдеуге жіберілді

Павлодарда сыныптасын және мұғалімді жарақаттаған жасөспірім екі және одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмағанды өлтіруге оқталды деп танылды. Алайда ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Соттың дерегінше, 17 жастағы бұрынғы павлодарлық №14 мектептің оқушысына ауыр қылмыс жасағаны үшін арнайы клиникада емделу жазасы тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі 24-бабының және 99-бабы 2-бөлімі 14-тармағының негізінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатылсын. Сот-психологиялық сараптамадан кейін оның психикалық аурумен ауыратыны анықталды. Ол кінәлі деп танылып, бірақ жауапкершіліктен босатылады", – деп үкімнің қорытынды бөлігін оқыған судья Бақыт Нұрланов.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған істі қарау 5 қыркүйекте басталып, жабық режимде өтті.


  • Павлодарда студент мұғалімге пышақ сұққан

Еске салайық, бұған дейін 13 мамырда Павлодардағы №14 мектепте 16 жастағы оқушы мен 59 жастағы математика пәнінің мұғалімі пышақ жарақаттарын алған едік. Жасөспірім мектепке пышақ және балғамен келіп, сыныптасына шабуыл жасаған. Мұғалім төбелеске араласуға тырысқанда, әйелдің иығы мен кеуде тұсынан жарақат алған, ал 16 жастағы жасөспірімнің жауырыны мен иығынан жарақат алған.

Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылып, дәрігерлер жараларын таңып, оларды амбулаториялық емдеуге жіберген. Тергеу барысында күдікті оқушы үйқамаққа алынған.

Талқылау