Пәтерін сатқан қазақстандық әйел үйінен шығудан бас тартқан: Сот оны жақтап шықты
Фото: cian.ru
Павлодар қаласында екі бөлмелі пәтерін сатқан екінші топ мүгедектігі бар әйел үйден кетуден бас тартқан. Жаңа иесі оны сот арқылы шығарып тастамақ болған. Бірақ бұл істі қайта қараған Жоғарғы сот әйелдің пайдасына шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2022 жылы павлодарлық азамат екінші топтағы мүгедек әйелден пәтер сатып алған. Сауда жасалғаннан кейін әйел сол үйде алты айға жалға алу шартымен тұра берген. Алайда жалдау мерзімі аяқталған соң ол үйден шығудан бас тартқан. Жаңа иесі пәтерді босатуды талап етіп, сотқа жүгінді.
Сотта әйел бұл мәмілені шын мәнінде пәтер сату үшін емес, інісінің баласының өтінішімен, ақшалай қарызды рәсімдеу үшін жасағанын айтты. Яғни келісім жалған, формалды болған. Ол өз денсаулығына байланысты мәміленің салдарын толық түсінбегенін де жеткізді. Әйел 2001 жылдан бері психиатрдың есебінде тұр, дегенмен 2019 жылдан бастап жағдайының біршама жақсарғаны байқалған. Сонымен қатар әйел ресми түрде әрекетке қабілетсіз деп танылмаған.
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар пәтердің жаңа иесінің пайдасына шешім шығарған. Сараптама әйелдің қабілетсіздігін растаған жоқ. Соттар психикалық аурудың өзі мәміле жасау құқығынан айырмайтынын айтып, әйелдің талабын негізсіз деп таныды. Осылайша, оны және отбасын үйден шығару шешімі шықты.
Алайда әйел Жоғарғы сотқа жүгініп, іс қайта қаралды.
Бұл сот келесі маңызды жайттарға назар аударды:
- Әйел келісім мүлде орындалмайтын, яғни мнимый (жалған) мәміле болғанын айтты;
- Ақша шартқа қол қойылмай тұрып берілген;
- Мәміле нотариуспен куәландырылмаған;
- Шарттан кейін пәтерді жалға алу келісімі жасалған. Бұл шын мәнінде сатып алынған үй үшін әдеттегі жағдай емес.
Мұны ескере отырып, Жоғарғы сот мәміле жалған деп танып, оны жарамсыз деп жариялады.
Демек, әйелді пәтерден шығару үшін заңды негіз жоқ:
- Келісім жарамсыз деп танылды;
- Әйел пәтерде қалды;
- Алдыңғы сот шешімдері жойылды.
Сот әйелдің әрекетке қабілеттілігі заңмен шектелмегенін мойындай отырып, психикалық сырқаты бар адамның мәміле салдарын толық түсінбеуі мүмкін екенін ескерді.
Петропавлда тұрғындар 3 жылдан бері сатып алған пәтеріне кіре алмай жүр
Қазақстанда енді пәтерді салықсыз сату үшін енді бір емес, екі жыл күту керек
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық пәтерін жалға беремін деп 4 жылға сотталды. Пәтер иесі газ қызметінің келісімінсіз, газ қауіпсіздік шараларын сақтамай үйін жалға берген. Пәтерде газды бақылау және желдету жүйесі болмаған. Салдарынан газ шығып, пәтерді жалға алған азамат көмірқышқыл газымен уланып қайтыс болған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік