Павлодарда он жылдан кейін олимпиада жүлдесін алған күресшіге пәтер берілді
Он жылдан кейін Лондон олимпиадасының жүлдегері болған күресші Дәулет Шабанбайға бір бөлмелі пәтер берілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.

Дәулет Шабанбай – еркін күрестен Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола жүлдегері, Азия ойындарында күміс медаль алған. Спортшы 2012 жылы Лондон олимпиадасынан ештеңе ұта алмай қайтқан еді. Бірақ биылғы қыркүйекте өткен допинг тексерісінен кейін Грузия мен Өзбекстан спортшылары нәтижелері есепке алынбай, Шабанбай олимпиаданың қола медалін алды.
Спортшы карьерасын аяқтағаннан соң палуан жаттықтырушы болмақ.
"Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биіктен желбірей берсін", – дейді Дәулет Шабанбай.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

