Павлодарда мас мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрып тастаған
Павлодарда мектеп күзетшісі мас болып 6-сынып оқушысын ұрып тастаған. Полиция күзетшінің мас болғаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Оқушыны кеудесінен ұрған мас күзетшіге әкімшілік іс қозғалды.
Оқиға кезінде куәгерлер дереу полицияға қоңырау шалған. Кейін шабуылдаушы дереу медициналық айықтырғышқа жіберілді.
"Қоғамдық орында мас болғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды және айыппұл салынды", — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері Білім басқармасынан мас күзетшіні жұмысқа жібергені үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді