Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қоқыстан табылған ұлды асырап алуға таласушылар көбейді

Нәзира Омарова екі күн бұрын болған сұмдық жайттан енді ғана есін жиған. Айтуынша, сол күні ол сыртқа дәрі-дәрмек алуға шығыпты. Бірақ үй маңындағы дәріханалардың бәрі жабылып, әйел басқа ауданға қарай бет алған, деп хабарлады КТК арнасы.

Осылайша аулалардың бірімен келе жатып баланың ыңырсыған дауысын естиді. Бұған аса мән бермегенімен, әлгі шырыл басылмапты. Сөйтсе, бұл осы маңдағы қоқыс жәшігінің ішінде жатқан шақалақ екен. Өз көзіне өзі сенбеген әйел сәбиді бірден құшағыма алдым дейді.

“Жүрегіме басып жылама, жылама бәрі жақсы болады, сен қолымдасың деп қызымның үйіне апардым. Онда апарған соң полицияны шақырдық. Дәрігерлер келді. Әлгі бала қолымда өзі кішкене дауысын шығармай, бауырыма басылып жата қалды. Өзімнің жүрегім сондай ауырып қалды. Түнімен ұйықтамадым”, – дейді Нәзира Омарова.

Екі түн дұрыс ұйықтамаған әйел бүгін өзі құтқарған тастандының жағдайын білу үшін ауруханаға аттанды. Далада жатқанда алғаш құшағына алған адамның келгенін сезді ме, бала да мазасызданып жылап кетті. Бейкүнә сәбиді қайта қолына алған Назира оны жұбатып, өзі де көз жасына ерік берді.

“Тағы ды бір немерем осындай кішкентай сәби, бауырыма басып келіп отырам.  Қал-жағдайын немереміз болып, енді түгеліне айтамыз тағы да бір немереміз бар деп”, – дейді Омарова.

Ал полицейлер баласын қоқыс жәшігіне тастап қашқан көкек ананы іздестіруді жалғастыруда. Болжамға қарағанда, ол сәбиді осыдан екі апта бұрын дүниеге әкелген. Салмағы үш келіден асатын шақалақ болса суық жерде бір сағаттай жатып қалған. Сондықтан да әлі де дәрігер бақылауында болу керек.

“Қазір баланың жағдайы жақсы, жаман емес. Бала бізде жатқанда смесьпен тамақтандырамыз. Жағдайы бірқалыпты, зияны жоқ. Мүмкін бәрі жақсы болса шығарамыз”, – дейді неонатолог-дәрігер Шолпан Құрманова.

Сәбимен жылап қоштасқан 53 жастағы Нәзира Омарованың өзі – екі баланың анасы. Тастанды сәбидің туған анасының жақын күндері табыларына ол сенеді. Табылмаған жағдайда дұрыс жерде тәрбиеленуіне септігімді тигіземін деп отыр.

Ауруханаға дүйсенбі күні кешке жеткізілген сәбиді ақхалаттылар өзара Дүйсенбек деп атап жүр. Ал оның анасына іздеу жариялаған полицейлер қазір «Өлтіруге әрекеттену» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Емханаға шақалақтың жағдайын сұрап келген тұрғындардың бірі оған киім-кешек беріп кетіпті. Бұған қоса, сәбиді асырап алуға әлден ниет білдіріп жатқандар да бар екен.

Жіберіп алмаңыз:

Қожамжаровтың қаһары: Қала мен облыс прокурорлары отставкаға жіберілді

Астанада жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған әйелдің хиджаб киетіні белгілі болды

Алматыда кинотеатр алдында сүйісіп отырған қазақ қыздары елді шошытты (видео)

Дәрігерлер жыныс мүшесі кесілген жігіттің денсаулығы қалай болатынын айтты

Талқылау