Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда «Қазавтожолдың» лауазымды шендісі 3 миллиард ұрлады деген күдікке ілінді

Павлодарда бюджеттің 3 миллиард теңгесін жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖолдың» аймақтық филиалы басшысының орынбасары ұсталды. Амантай Қасымхановқа «Орталық-Шығыс» тас жолын жаңғыртуға бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы. 

пире

Тергеу мәліметінше, күдікті осы өңірдегі көлік жолдарын қайта қалпына келтіруге бөлінген қаражатты мердігер ұйымдар арқылы жымқырыпты. Яғни, сметалық құжаттарда көрсетілген негізгі жол киімдері мен жұмысшылар қолданатын материалдарды алмастырып отырған. Үш жыл бұрын басталған жобаның жалпы құны – 53 миллиард теңге. Аталған сомаға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Павлодар облысы бойынша «Орталық-Шығыс» тас жолы толығымен қайта қалпына келтірілуі тиіс болған. Осыған тікеле жауапты ұлттық компанияның аймақтық филиал басшысы болса, орынбасарының ұсталғанын ғаламтордан білдім деп отыр.

“Ол кісі өте сауатты, техникалық жағынан жол мәселесінен өте білімді, іскер. Бұл тергеу жұмысымыздың жүруіне ешқандай кедергі болмайды. Сондықтан қойылған тапсырма белгілі уақытында беріледі”, – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Қайрат Кәрібаев.


Жіберіп алмаңыз:

640 шетелдік Қазақстан азаматтығын алмақ

Қазақстандықтар енді Араб әмірлігіне визасыз бара алады

Шариғат қандай жағдайда түсік (аборт) жасатуға рұқсат береді?

Павлодар облысында кәсіпкер туған ауылының қауіпсіздігі үшін 10 млн теңге құйды

Талқылау