Павлодарда кәмелетке толмаған бір топ жеткіншек 7 жасар баланы ұрып-соққан (видео)
Видеодан скрин
Павлодар қаласында кәмелетке толмаған бір топ жеткіншек 7 жасар баланы жабылып ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі жазбада видеоны соққыға жығылған 7 жасар баланың анасы жібергені айтылған. Әйелдің айтуынша, алдымен ұлын үйдің кіреберісінде соққыға жыққан, кейін оны ашық алаңға алып шығып, ұрып-соғуды жалғастырған.
Аталған видеоға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады.
7-сынып оқушысы сыныптас қызын ұрып өлтірген
"Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген. Балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жіберілді, сот шешімі бойынша олар Павлодар қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданады", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы сауда орталығының бірінде жасөспірім қыздар қатарластарынан ақша бопсалап, ұрып-соққаны туралы жазған едік.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
