Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтың үстінен электр есептегішінің көрсеткішінен кейін іс қозғалды

Павлодардағы пәтерлердің бірінен есірткі зертханасы табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қала прокуратурасының қызметкерлері бір пәтерде электр энергиясының көрсеткіштері өте жоғары екенін байқап, тексеру жүргізген. Нәтижесінде есірткі зертханасы анықталды.

"Павлодар қаласы прокуратурасының қызметкерлері қаладағы тұрғын үйлердегі электр энергиясын тұтынуды тексерген. Бір пәтерде тұтыну деңгейі жоғары болған. Алғашқы тексеріс кезінде пәтердің терезелер тығыз жабылғанын, тұрғындар оқшауланған өмір салтын жүргізіп жатқаны анықталған", – делінген хабарламада.


Елімізде жасөспірімдер неліктен есірткі таратумен айналысады және оның қалай алдын алуға болады


Заңсыз әрекет белгілері байқалғаннан кейін полицияға тінту жүргізу тапсырылды.

"Күдік расталды. Пәтерде есірткі зертханасы жабдықталған. 3 келіден астам өсімдік тектес есірткі, гидропонды жабдықтар, тыңайтқыш, орау материалдары тәркіленді", – делінген хабарламада.

Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша тергеліп жатыр.

"Тергеу жалғасып жатыр. Бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар басқа тұлғалар анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда есірткі қылмысымен сотталған 1200 тұтқын мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны туралы жазғанбыз. 

Талқылау