Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Павлодарда бесінші қабаттан құлап кеткен бала ғажайыппен аман қалды

Фото: Ru.freepik.com

Павлодарда бесінші қабаттан құлап кеткен екі жастағы бала ғажайыппен аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қатты соққы алған бала ауыр бас-сүйек ми жарақатымен комада жатқан. Дәрігерлер осы уақытқа дейін ешқандай болжам жасамады. Алайда бүлдіршіннің беті бері қарап, күні кеше ауруханада 3 жасқа толған туған күнін атап өтті.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі бесінші қабаттан құлап, аман қалған баланы жеке өзі барып көрді. Айта кетейік, бұл оқиға 13 сәуірде болған. Уәкілдің айтуынша, таңғаларлығы, бала биіктен құласа да, ауыр жарақат алмай, аман қалды. Нәтижесінде балаға жауапты заңды өкілге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

“Биыл 13 сәуірде бесінші қабаттан құлап, аман қалған баламен кездестім. Ол ғажайыппен аман қалды. Мұндай жағдайларда "баланың көрер жарығы бар” дейді”, – деп пікір білдірді Павлодар облысы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова.

Болған жағдайға облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері де таңғалып отыр.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 08:53
Талқылау