Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда батутта секіріп көңіл көтерген анасы мен баласы өлім аузынан қалды

Павлодарда Анастасия Мамедова мен оның екі жасар қызы Милана батутта секіреміз деп қайғылы оқиғаға тап бола жаздады.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жел тұрып тұрған кезде аттракцион қызметкерлері адамдардың төменге түсуін күтпестен батутты ағаштан шешіп алған. Үрлемелі конструкцияны қатты жел ұшырып әкетіп, адамдардың аяғы аспаннан келген.

Осылайша саябақта көңіл көтеремін деп келген Анастасия ауруханадан бір-ақ шықты. Батутта секіруді екі жасар қызы Милана қатты қалаған. Жел көтерілген кезде ересек балалар секіріп кетіпті. Ал Анастасия болса өзінің қызына қарай ұмтылған.

“Мен оны қолыма ұстап, шыға беріске қарай жүгірдім. Ол біздің әлі сонда екенімізді көре тұра, батутты шешті. Ал жел оны ұшырып әкетті. Мен қатты айғайлап, қорқып, Милананы өзіме қатты тартып, жарақат алып қалмас үшін оны өзім арқылы жаптым. Егер мен оны жаппағанда не боларын ойлаудың өзі қорқынышты”, – дейді Павлодар тұрғыны Анастасия Мамедова.

Әйел есінен танып қалған. Тек қалалық аурухананы жансақтау бөліміне келіп есін жиды. Куәгерлердің айтуынша, ауруханаға оны батуттың иесі емес, бейтаныс қыз алып келген.

6363

“Ол жансақтау бөліміне бас ми шайқалуымен, бірнеше көгерген жарақаттармен келіп түсті. Шынтағы сынып, терісі сыдырылып, өзі травматикалық шок алған”, – дейді қалалық №1 аурухананың дәрігер-травматологы Ермек Аяғанов.

Анастасияның сондай-ақ, сол құлағының дабыл жарғағы да зақымданған. Қолына да операция жасалуы керек. Кішкентай Милана да жарақат алған. Ал оқиғадан соң батуттың орыны босап қалған. Әйелдің атынан шағым әлі полицияға түскен жоқ.

“Аталған факт бойынша ҚР ҚК 306 “Қауіпсіздік талаптарына сай емес жұмысты орындау, қызметті көрсету, тауарды көрсету және сату” бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Алма Мұсабекова.

Мұндай жағдайда кінәлі тарап 700 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 75 тәулікке қамалуы мүмкін. Ал аттракциондар үшін жер телімін қалалық әкімдік береді.

“Жер телімдері қысқа мерзімге жалға берілген. Оның қауіпсіздігі үшін аттракционның иесі жауап береді”, – деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

Сол күні Анастасия мен Миланадан бөлек тағы үш бала жарақат алған.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

Алматыда тек қарт кісілерді өлтіріп келген қылмыстық топ ұсталды

БҚО-да соңғы қоңырау болатын күні мектепте күзетшінің өлі денесі табылды

Батыс Қазақстанда жүк көлігіндегі жылқылар тірідей өртеніп кетті (видео)

Талқылау