Балаларын терезеден лақтырып жіберген қазақстандық қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Фото: Видеодан скрин
Павлодарда екі баласын терезеден сырғытқан әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Оқиға жабық режимде қаралған сотта жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысындағы қылмыстық істерге арналған арнайы ауданаралық сотта әйелдің ісі жабық режимде қаралды.
"Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлімі "Кәмелетке толмаған адамды өлтіру" және 24-бап 3-бөлімі, 99-бап 3-бөлімі "Кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталуы бойынша қаралды. Бірінші бап бойынша әйелге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, алайда Қазақстанда әйелдерге бұл жазаны қолданбайды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар павлодарлық әйел қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылды.
"Қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кезде айыпты емес екендігін ескере отырып, 99-бап 3-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі, 99-бап 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату. Арнайы түрдегі психиатриялық стационарда қатаң бақылаумен мәжбүрлі емдеуді тағайындау", – деді Павлодар облысының арнайы ауданаралық қылмыстық істер сотының судьясы Жанна Нығыбаева.
Астанада үш құрылысшы биіктен құлап кетті: Полиция тергеу бастады
Алматыда қыз 9-қабаттан жұмбақ жағдайда құлап кетіп, аман қалды
Еске салайық, бұған дейін 30 шілдеде сағат 13:00-де дәрігерлерге әйелдің екі баласын терезеден лақтырып, өзі де бесінші қабаттан секіргені туралы хабар түскен. Кейін полиция оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған. Оқиға болған күні кішкентай ұлына бір бүйрегін алу операциясы жасалған. Операция кезінде оның жүрегі тоқтаған, бірақ дәрігерлер оны қайта қалпына келтірген. 1 тамызда кішкентай ұлдың жүрегі қайтадан тоқтаған. Оқиға болғаннан екі аптадан кейін, үлкен ұл ауруханадан шығарылғаны белгілі болды. Оған бір жылдық қалпына келтіру қажет болады.
Тамыз соңында дәрігерлер балалардың анасының өзіне ауруханадан шығарылғанын хабарлаған. Қазан ортасында қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. Полиция хабарлағандай, әйел психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр. Қазан соңында облыстық сотта әйелге қатысты қылмыстық іс қарауға түскені хабарланды. Сонымен қатар сот отырыстары жабық режимде өтетіні түсіндірілді.