Павлодарда әйелдердің құлағындағы алтын сырғаларды ұрлап, ломбардқа өткізген қылмыскер сотталды
Ер адам әйелдердің бағалы зергерлік бұйымдарын ұрлап, оларды ломбардқа өткізіп отырған. Үш әйелдің құлағынан алтын сырғаларын жұлып әкеткен ұры бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұрын бірнеше рет сотталып, кейін бейімделу орталығында тұрған 28 жастағы азамат 2016 жылдың қыркүйек-қазан айларында үш тонаушылық жасаған.
Ұрының құрығына екі қыз және 70 жастағы зейнеткер түскен. Ол алтын сырғаларды алғаш рет травмайда ұрлаған. Қылмыскер көпқабатты ғимараттардың бірінен шыққан қызды аңдып, оның құлағындағы сырғаны жұлып әкеткен. Бойжеткеннен ұрланған сырғаның құны 25 мың теңге болған.
Бағалы әшекейлерді ұрлауды әдетке айналдырған азамат үш күннен кейін тағы бір әйелдің сырғасын жұлып үлгерген. Қыздың құлағындағы алтын әшекейді көрген ұры, оның артынан жүгіріп келіп бойжеткеннің бір сырғасын жұлып алған. Қылмыскер жәбірленушіге 30 мың теңге материалдық залал келтірді. Алтын бұйымдарды тонаумен айналысқан азамат соңғы қылмысында 70 жастағы зейнеткердің 200 мың теңге тұратын қымбат сырғасын ұрлап кеткен.
Ол бұл қылмыстардың барлығын Лермонтов көшесінде күндізгі уақытта жасаған. Қолды қылған әшекейледі досының көмегімен ломбардқа өткізген. Сонымен бірге ол тергеу кезінде және сотта осы қызмет үшін досына ақша төлемегенін айтты.
Алтын ұрлаумен айналысқан жігіт кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған адамның апелляциялық шағымын қарастырып, одан мүлікті тәркілеп алу туралы жазаны алып тастады. Үкімдің қалған бөлігінде сот шешімі өзгеріссіз қалады. Сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттанбаған. Шешім заңды күшіне енді.
«Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғарғы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде өтейтін болады. Сондай-ақ ол зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды өтеуі тиіс», – делінген баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда дәрі-дәрмектердің қымбаттауының себебі анықталды
Қызылордадағы көпқабатты ескі үйде тұратын тұрғындар бас-басына дәретхана салып алған
Жамбыл облысында елде жоқ емхана салынатын жерден қаптаған адам сүйектері шығып жатыр