Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты: Ол енді бір жыл оңалтудан өтеді
Фото: Pixabay.com
Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберіп, тірі қалған жеті жасар бала ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 шілде ана екі баланы лақтырып, біреуі мерт болған еді. Тірі қалған науқас ауруханадан шықты.
"Динамика оң, жағдайы қанағаттанарлық. Бір ай бойы қатаң төсек режимін сақтап, тұрғылықты жері бойынша орталықта бір жыл бойы одан әрі оңалту қажет", – делінген хабарламада.
Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген баланың бірі қайтыс болды
Баланың анасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, бірақ есін жиды. Сынықтарына байланысты ота жасалды.
Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Полиция департаменті зардап шеккендер подъездің қалқалағышына құлағанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
