Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауылға көшетін болды

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала

Фото: Ru.freepik.com

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберіп, аман қалған бала туысқандарының үйінде, Екібастұз ауданындағы ауылда тұрып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңірдің балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакенованың айтуынша, облыстық балалар ауруханасынан шыққан соң бала әкесімен бірге ауылда тұрып жатыр. Әңгіме барысында бала “20 жыл ауылда тұрамын” деп айтып қалған. 

“Қалаға мүлде қайтқысы келмейді. Әкесі де ұлы үшін ауылға көшуге келісіп отыр. Мен бірден Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Иманғалиева Бибігүл Сағынтаевнаға хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Бибігүл Сағынтаевна балаға медициналық көмек беру мәселесі, алдағы уақытта оңалту шаралары, жергілікті мектепке ауысуы, сондай-ақ әкесін жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету шаралары өз бақылауында болатынын айтты”, – деді Сәуле Шакенова.

Оның айтуынша, ауруханада бала клиникалық психологтың және дәрігер-психиатрдың бақылауында болған. Десе де баланың психологпен ұзақ уақыт жұмыс істеу керегін атап өтті.

“Әзірге балаға інісінің қаза болғаны айтылған жоқ. Әкесін де жанынан алысқа жібергісі келмейді, үнемі көз алдында болуға тиіс. Екібастұз өңірінің білім бөлімдері баланың тәжірибелі психологпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды, – деп жазды өңірлік омбудсмен.


Астанада 9-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды


Балқашта 8 жасар баланы ұрды деп күдікке ілінген ер адам ұсталды


Оның сөзінше, бала туыстарының қамқорлығы мен ықыласының ортасында, біртіндеп сауығып келеді. Қазірдің өзінде өзі отырып, тұруға асығады. Бірақ жамбас сүйектерінің сынуына байланысты бір айға төсекте жатуға мәжбүр. 

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Полиция департаменті зардап шеккендер подъездің қалқалағышына құлағанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін аман қалған баланың ауруханадан щығып, бір жыл бойы оңталтудан өтетінін жазған едік.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 15:13
Талқылау