Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны орыс көршісінен сатып алған жұмыртқадан «Алла» деген жазуды байқаған (фото)

Павлодар қаласының тұрғыны Бекболат Пішенбаев орыс көршісінен сатып алған жұмыртқаның қабығында «Алла» деген жазуды байқаған.

EQboX1izMzB9JROk-lg

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, ерекше жағдайға тап болған Бекболат Пішенбаев бірден мешітке келген.

“Имамдар жұмыртқаның сыртында «Алла» деген жазудың араб тілінде жазылғанын растады. Бұл біз үшін алғашқы жағдай емес. Былтырғы жылы Қызылжар ауылында араб тілінде Раббымыздың есімі жазылған қозы да туған”, – дейді ол.

61 жастағы Бекболат Пішенбаев 30 жұмыртқаның ішінен ерекше жазуы бар біреуін көзі шалып қалған.

IMG_8150

“Көршімнің тауықтары бар еді. Жұмыртқаны сол кісіден алып тұрамыз. «Алла» деген жазуды біреуінен байқадым да мешітке бардым. Қазір ерекше жұмыртқаны үйдегі тоңазытқышымда сақтап жүрмін”, – дейді қала тұрғыны.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің найб имамы Данияр Байдуллаев болса, бұл Жаратушымыздың үнемі бізбен бірге екендігінің тағы бір дәлелі екенін айтып, белгіні жақсылыққа жориды.

 

Талқылау