Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ағасы мен қарындасын жылдар бойы зорлап келгендер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті

Фото: Pixabay.com

Павлодарда ағасы мен қарындасына жылдар бойы зорлық көрсеткен екі азамат сотталды. Бірі 15 жыл, екіншісі 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу дерегінше, қылмыс өткен жылы әшкере болғды. Оқушы қыз жүкті болып қалған. Ол екі азаматтан он жасынан бастап қорлық көргенін айтып, полицияға бірден шағым түсіріпті. Сорақысы қаскөйлер жәбірленушінің 16 жастағы ағасын да қорлаған. Осы жағдайдан кейін бір үйдің екі баласы жалғызбасты анасымен бірге уақытша дағдарыс орталығына орналастырылып, оларға психологиялық көмек көрсетілген. Жабық режимде өткен сотта 23 және 24 жастағы азаматтардың кінәсі толық дәлелденген.


Төрт өгей қызын зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті


"Үйде ешкім жоқ кезде тиіскен": Ақтөбе облысында жиенін жылдар бойы зорлап келген екі ағайынды өмір бойына сотталды


“Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәйектермен дәлелденді. Сотталушылардың жасаған қылмысы аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Және тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады”, – деді Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Агидель Ибраева. 

Сондай-ақ сотталушылардың әрқайсысы моральдық шығын ретінде кәмелет жасына толмаған жәбірленушілерге бір миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 09:09
Талқылау