Павлодарда 14 жастағы қыз өртенген үйден екі сіңлісін алып шықты
Павлодарда 14 жастағы қыз жанып жатқан үйден екі сіңлісін құтқарып қалды. Өрт салдарынан бір адам көз жұмды.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне сәйкес, өрт 21 ақпан күні болды. Өрт сөндірушілер хабар түсісімен оқиға орнына аттанған. Олар келгенде үй ішіндегі киім-кешек пен жиһаздар жанып жатты. Ағаштан тұрғызылған қабырғалар өрнетіп жатты. Үй ішінен денесі жартылай күйіп қалған ер адамның денесі шығарылды. Ол 1948 жылы туған азамат. Алған жарақатынан мерт болды.
Өрт сөндірушілер келгенде дейін 14 жастағы қыз бала үйдің терезесінен кіріп, іштегі екі сіңлісін алып шыққан. Олар 2015 жылы туған қыз балалар.
Өрттің неден болғаны тексеріліп жатыр. Жалын 120 шаршы метрді шарпыды. Өртті сөндіруге 22 адам мен 9 техникалық құрал жұмылдырылы.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған