Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысы әкімінің орынбасарын тонап кетті

Ұрылар Павлодар облысы әкімі орынбасарының екі велосипедін ұрлап кетті. Екі велосипед лифттің қасындағы алаңда тұрған.

2780131

Әкімнің орынбасары тұратын көпқабатты үй элиталық баспана саналады. Барлық жерде бақылау камерасы бар. Есікте күзет отырады. Алайда, ұрыларға ол кедергі болмаған секілді, деп жазады pavon.kz.

Дүйсенбай Тұрғанов бұл мәліметті растап, полицияға арыз бергенін айтты.

Полицейлер сол күні тағы бір тұрғын үй подъезінде тұрған велосипедті әлдекімердің ұрлағанын атап өтті.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл қылмыс бойынша айыпталушыға 3 мың АЕК көлемінде айппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Полицейлер екі жігітке күдікке алып отры. Олар қазір іздестіріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

ШҚО футолисіне шұғыл түрде донорлық қан керек

Атырауда өз кінәсін мойындамаған қылмыскер сот отырысында тамырын кесіп жіберді

Төрт қызметкерінің сотталушыны зорлауына жол берген түрме басшысы сотқа тартылды

Талқылау