Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында кәсіпкер туған ауылының қауіпсіздігі үшін 10 млн теңге құйды

Павлодар облысында «Галицкое» ЖШС жетекшісі Александр Касицин туған ауылының қауіпсіздігін өз мойнына алды.

73a4ad4a393cb1635572671b0b5bdf1b19d63fd5

Оның көмегімен ауылда 55 бейне бақылау камерасы мен кірер жерге көлікке арналған екі камера орнатылды. Кәсіпкер аймақтық полицейге баспана алып берді. ЖШС күзетшілері қоғамдық көмекші ретінде ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүреді, де жазады pavon.kz.

1876188ce5df13dc133fc7e937ab04592a9d1a1c

Ауыл тұрғыны Олжас Есжановтың айтуынша, бақылау камерасы қойылғаннан бастап аймақта қылмыс азайған.

Өңірде заң бұзушылытар болып жатса, ол бірінші қоғамдық сотта қаралады. Қылмыс жасалса іске полиция араласады.

2576d862bd18821e8f6e397ee5d79f82508b41e4

«Кәсіпкердің ісі қайырымдылық емес, ол жай ғана ауылдастарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасағысы келеді. Ауылдағылар көбіне велосипедпен жүреді. Арнайы велосипед жолдары жасалып, бақылау камералары орнатылған. Заң бойынша, темекі шегуге тыйым салынады. Қоршаған ортаны ластауға болмайды», – дейді полиция басшысы.

Оның айтуынша, орнатылған камералар қылмыстың 80-100%-ын ашуға септігін тигізіп, ұрлық-қарлықты азайтып отыр.

Тағы да оқыңыз:

СҚО тұрғыны қарызы болғандықтан қаңғыбастар арасында тығылып жүрген

Алматыдағы атыс: Ғаламторда көше ортасында болған атыстың видеосы тарап кетті (видео)

Шымкент тұрғыны бүлдіршінді күрекпен басынан аяусыз ұрып тастады (видео)

Талқылау