Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұған қордағы алтын рудасының таусылуы себеп болған. Дегенмен жер астында алдағы алты жылға дайындалған миллион тоннадан астам шикізат бар. Бірақ оны шығаруға рұқсат жоқ.

Себебі қаңтардың басында шахтада апат болып, салдарынан кен орнындағы жұмыс уақытша тоқтатылған еді. Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді мыңнан астам адам мүлде жұмыссыз қалуы мүмкін. Жергілікті шенділер кен байыту фабрикасының жұмысы сәуірде жалғасады деп болжап отыр. Ал ол уақытқа дейін жұмыссыз қалған кеншілердің тағдыры не боларын 1-2 күнде шешуге уәде берді.

“2024 жылдың 22-23 ақпанында жоспарлау бойынша фабриканың жұмысы тоқтатылады. Бүгінде тоқтату бойынша жұмыс жүргізілуде. Жұмыскерлер 50 пайыз жалақы алады және оның саны бойынша ақпарат аптаның соңында жолданады. Толықтай жұмыс тоқтатылмайды. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап жалғасады”, – дейді Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені туралы жазған едік. Екі адамның денесі табылды. Кейіннен жердің опырылу қаупіне байланысты іздеу тоқтатылды.

Талқылау