Павлодар облысындағы ауданды алапат өрт шарпыды (видео)
Павлодар облысы Баянауыл ауданында өрт шықты. Алапат жалынның видеосын желіде өңір тұрғындары бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрлардан өрт сөндірушілердің алапат өртпен алысып жатқанын, аспанды қара бұлт секілді түтін басқанын байқауға болады.
Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Ксентаевтің айтуынша, өрт Қарағанды облысынан шыққан. Желдің әсерінен айналасына тез тараған.
Қазір өртті сөндіруге жергілікті өрт сөндіру бөлімі, Ұлттық саябақтың жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылған. Павлодардан тағы үш өрт сөндіру көлігі жөнелтілген.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты адвокат ғимаратты біреудің әдейі өртегенін айтқан еді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты