Павлодар облысында әкім фельдшерді соққыға жықты

Фото: gov.kz
Павлодар облысы Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимов фельдшермен жанжалдасып, басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шенеуніктің фельдшерді соққыға шыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оған сенсек, Ержан Уразалимов Екібастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшерін соққыға жыққан. Салдарынан фельдшердің ми шайқалып, бетінен жарақат алаған.
Павлодар облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында болған жағдайды растап, түсініктеме берді.
“Оқиға кешкі уақытта, жұмыс уақытынан тыс, іс-шара кезінде болды. Жағдай тұрмыстық сипатта болған, кәсіби қызметке еш қатысы жоқ”, – деп мәлімдеді полиция.
Ведомствоның мәліметінше, екі тарап өзара келісімге келіп, бір-біріне ашқандай арыз-шағымы жоғын айтқан.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі