Павлодар әкімі қызметінен кетті
Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізді.
"Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов қарамағындағылардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты тиісінше ұйымдастырмау, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуын бақыламау және қала әкімдігінің Павлодар халқымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі