Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Патруль қызметкерлері азаматтармен жұмыс барысында әдеп сақтап, кәсібилік танытқаны жөн – Тоқаев 

 

Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған

Мемлекет басшысы 23 маусым күні құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде полициядан халықпен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыруды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президенттің сөзінше, құқық қорғау органдарының жұмысына сервистік модель қағидаттарын кеңінен енгізу және олардың кадрлық әлеуетін нығайту қажет.

"Учаскелік полицияны жаңғыртумен қатар патрульдік бекеттер қызметінің жұмысын қайта қарау қажет. Патруль қызметкерлері азаматтармен жұмыс барысында әдеп сақтап, кәсібилік танытқаны жөн. Өз кезегінде азаматтар да полицияның заңды талабына бағынуға міндетті. Әйтпесе көшеде тәртіп болмайды", – деді Тоқаев.


Бір аптада құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді


Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды: 2 мың адам бостандыққа шығады


Еске салайық, бұған дейін Тоқаев учаскелік полицейлердің еңбек өтілінің 1 жылын 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды. Президент ауылдағы учаскелік инспекторларды баспанамен қамтамасыз етіп, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет екеніне назар аударды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 17:08
Талқылау